7 облыстағы 19 автожол жабылды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі)
1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске жалпы ұзындығы 1238 км. (ауа-райының төмендеуі)
1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Жетісу облысында - 1 учаске, жалпы ұзындығы 58 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. ««Алматы-Өскемен» - Үшарал қ.- Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Қарағанды облысында - 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км. (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарқаралы қ. -Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Қостанай облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Павлодар облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 160 км. (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Омск-Майқапшағай» - Кежекөл к.- Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Ұлытау облысында – 1 учаске жалпы ұзындығы 115 км. (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к. - Қостанай обл. шек (барлық көлік түрлері үшін).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 281 бірлік техника және 468 жолшы жұмылдырылды.