7 маусымға арналған валюта бағамы жарияланды
Екі мегаполистегі айырбастау пункттерінде шетел валюталары бағамында аздаған айырмашылық байқалады.
7 маусымдағы жағдай бойынша Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр. Сыртқы нарықтардағы құбылмалылық аясында валюталарды сатып алу мен сату бағамдарының арасындағы айырмашылық қалыпты деңгейде сақталуда.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы – 484,06 теңге, сату бағамы – 490,91 теңге. Еуро 561,06 теңгеден сатып алынып, 571,03 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублі 6,30–6,60 теңге аралығында саудаланса, Қытай юанінің бағамы 68,60–73,79 теңге аралығында қалыптасқан.
Алматыда долларды сатып алу бағамы 487,27 теңге, сату бағамы 489,54 теңге болып тұр. Еуро 561,52 теңгеден сатып алынып, 566,79 теңгеден сатылуда. Қаладағы айырбастау пункттерінде рубль бағамы 6,42–6,55 теңге аралығында құбылып тұр. Ал юань 70,18–72,86 теңге аралығында саудалануда.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы – 487,5 теңге, сату бағамы – 489,5 теңге. Еуро 560 теңгеден сатып алынып, 567 теңгеден сатылып жатыр. Рубльді сатып алу бағамы 6,42 теңге болса, сату бағамы 6,47 теңгені құрайды.
- Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды 14:48
- Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді 14:13
- Маңғыстауда мұнай кен орнында резервуарды тазалау кезінде өрт шықты 13:49
- Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды 13:17
- Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды 12:49
- 9 тамызға арналған валюта бағамы жарияланды 12:09
- Индонезияда ірі орман өрті шықты: ұлттық парк жабылды 11:55