7 күнде 1400 шақырым. Қазақстанда кезекті сверхмарафон өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жарысты ұйымдастырушылар Қазақстан астанасынан ежелгі Түркістан қаласына дейінгі бағытты жоспарлады, деп хабарлады "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТҚ баспасөз қызметі. 

Жыл сайын өтетін сверхмарафон 28 қарашада басталып, 4 желтоқсанға дейін өтеді. "Нұр-Сұлтан-Түркістан" сверхмарафонына қатысушылар 7 күн ішінде марафон қатысушылары бір-біріне эстафетаны әр 10 шақырымда тапсырып, 1400 шақырым жүгіріп өтуі керек. 

Сонымен қатар, марафон аясында халықпен кездесулер өтеді. Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарының елді мекендерінде аялдамалар жоспарланған.

Сверхмарафон қатысушылары Қарағанды облысында орналасқан Бетпақ дала шөлі арқылы жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін маршруттың бұл бөлімі аса қауіпті елді мекен болып табылады. Жылдың осы уақытында шөл далада қарлы боран өтеді. Сондықтан марафонға қатысушылармен қатар тәжірибелі құтқарушылар тобы, медициналық қызметкерлер бірге еріп жүреді.

Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке және патриоттық рухты көтеру, сонымен қатар, салауатты, белсенді өмір салтының негізін қалыптастыру - сверхмарафонның басты міндеттері.

Сондай-ақ, супермарафонның жетекшісі, "Қазақстан құрылысшылар одағы" РОҚ төрағасы, бесінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев қалалар, аудандар мен ауылдардың әкімдерімен, тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

Марафонға атақты спортшылар, ультрамарафоншылар, марафон жүгірушілер, әуесқой жүгірушілер қатысады. Олардың ішінде елорданың кәсіпкерлері мен құрылысшылары бар. Жарысқа барлығы 10 адам қатысады. "Нұр-Сұлтан-Түркістан" сверхмарафонының қатысушылары бұл қиын жолды өтуге дайын, - делінген хабарламада.

"Нұр-Сұлтан-Түркістан" сверхмарафонының бас демеушісі - Stroiklass құрылыс компаниясы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы