Ақтөбеде 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында биыл қазан айына дейін 7 инвестициялық жоба іске қосылады. "Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның жаңа жобалары аймақта тың өндірістердің орнын толтырмақ. Бүгін Ақтөбе индустриялық аймағында БАҚ өкілдеріне жобаларды жүзеге асыру барысы таныстырылды.

Ақтөбе облысында жүзеге асырылатын 7 инвестициялық жобаның алғашқысы келесі айда басталады. "Aktobe Smart Tech" деректерді өңдеу орталығы мамырда автокөлік дөңгелектерін қалпына келтіретін және полиэтилен қалталар шығаратын өндіріс орындары іске қосылады. Шілде айында да екі нысан пайдалануға беріледі. Қаңқалы және жұмсақ жиһаз бен жергілікті лак-бояу өнімдері шығарылады. Ауа тазартқыш құралдар өндіретін мекеменің тұсауы қазан айында кесілмек. 370 адамды жұмыспен қамтитын жобалардың инвестициялық құны - 23 млрд. теңгені құрайды. Ақтөбеде «Агрогектар» ​әлеуметтік бағдарламасы да іске асырылып жатыр. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Жобасы ірі елді-мекендер мен су қоймаларына жақын маңдағы пайдаланылмайтын суармалы жер телімдерін "Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның теңгеріміне ресімдеуді көздейді.

«Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз өндірісі есебінен «Агрогектар» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Қажетті инфрақұрылым жүргізілетін Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Темір, Хромтау аудандары мен облыс орталығындағы жер телімдері тамшылатып суаруды қолданудың міндетті шартымен көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге жалға беріледі»,-деді "Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басшысы Әнуар Маханов.

Ал, бұл көкөніс пен бақша дақылдары өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ішкі нарықтағы бағаны төмендетіп, тұрақтандырады, өнімді экспорттауға болады.  Мамандармен қамтамасыз ету, ауылда тұрақты еңбек​ ақы төлеу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мәселесін шешу мақсатында акционерлік қоғам аймақтағы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жұмыс бастады.

«Екінші деңгйлі банктер ауыл шарушылығы тауарын өндірушілерге несие ​беруді көздейтін «Көмек» жалақы жобасы іске асырылып жатыр. Салық төлемдерін аударып, әр қызметкердің есеп шоттарына ай сайын қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады»,-деді Әнуар Маханов.

«Көмек» жалақы жобасы 2019-2021 жылдарға есептелген. Мамандардың сөзінше, 3 жыл ішінде 500 шаруашылық қамтылып,​ 160 мың адам әлеуметтік тиімділікті сезінеді.

Әсел АБАТ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы