7 экономикалық өсім бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 19,1%-ке, электр жабдықтарын жасаудың – 22,2%-ке өсуі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр. Оның ішінде азық-түлік өндірісі – 3,9%, мұнай өңдеу өнімдері – 1,9%, химия өнеркәсібі – 10,2%, сусындар өндірісі – 11,2%, пластмасса бұйымдары – 2,1%, жеңіл өнеркәсібі – 6%, - деп мәлімдеді ол Үкімет отырысында.

Ол тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1%-ке төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ салалар бөлінісінде өсу тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 15,9%-ке жеткенін айтты.

Екі өндірістің көрсеткіші 0,7%-ке төмендеді, олар: көмір және металл кендерін өндіру.Сондай-ақ, газ өндіруде – 1%-ке, мұнай өндіруде – 1,9%-ке және өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 7,6%-ке төмендеу тіркелді. Бір жыл ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4%-ке ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 18 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында байқалды, - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, былтыр 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ке кем.

Бұл көрсеткіштің төмендеуі – Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында пайдалануға берілген тұрғын үй санының азайғандығы есебінен болып тұр.
Басқа 14 өңірде оң өсу тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында байқалды, - деді ведомства басшысы. 

Ол 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы  жалпы жағдай мынадай екенін айтты. 

Бүкіл көрсеткіштер бойынша оң өсім 9 өңірде – Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалды, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы