7 сәуірден бастап Қарағандыда карантин күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралу географиясының ұлғайуына байланысты 7 сәуірден бастап карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізіледі.
Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, 2020 жылдың 7 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап Қарағанды облысының карантиндік аймағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады.
Карантиннің айрықша тәртібі Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларына, сондай-ақ Бұқар жырау ауданының Доскей, Үштөбе, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл, Петровка сияқты бірнеше елді мекендеріне енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл шаруашылығы министрлігі ескертеді!
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы