7 баланың жауапкершілігі кімде? 9 млн теңге алимент қарызы бар әйелге қатысты іс қозғалды

Өскеменде алимент төлеуден жалтарған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Altainews.kz мәліметі бойынша, полицияға әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының директоры жүгінген. Оның айтуынша, 42 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сот шешіміне қарамастан, жеті кәмелетке толмаған баласына алимент төлемей келеді. Балалар орталықта тәрбиеленіп жатыр, ал алимент бойынша қарызы 9 миллион теңгеден асып кеткен.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция алимент төлеу міндеттемелерін орындамау азаматтық-құқықтық жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді. Алимент төлеуден жалтару бас бостандығын шектеу және заңда қарастырылған басқа да шараларға әкелуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы