7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының жырасында орналасқандықтан, жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік жартысында күн ашық болады. 

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады. 

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық бөлігінде боран соғады. 

Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-23 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жолдарда – көктайғақ. Жел жылдамдығы - 17-22 м/с. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Ақтөбе облысында жел 16 м/с дейін күшейеді. 

Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы