7-20-25: Сапарбаев кәсіпкерлердің бастапқы жарнаны төлеуге ниетті екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминге «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы ұсыныстарын айтты. 

«Сізден сұрайтынымыз, тиісті министрліктерге, «Атамекен» ҰК палатасына, жергілікті билікке тапсырма берсеңіз. Біз бәріміз бірігіп, осы кәсіпорындармен жұмыс істесек. Осы кәсіпорындар бірінші кезекте өздерінде жұмыс істеп жатқан, қазіргі таңда пәтерлері жоқ қызметкерлеріне көмектессе. «Бәйтерек» ұлттық компаниясының ТҮҰЖБ-мен жұмыс істеп жатырмыз. Өзіңіз білесіз, жылына 50 млрд теңге бөлінген. Олардың жарнаны төлеу және пайыздық жеңілдетілген несие беретін жаңа бағдарламасы бар. Бірінші сұрайтынымыз, айтылған мнистрлікке, жергілікті әкімшіліктерге тапсырма берсеңіз. Біз біраз кәсіпорындармен сөйлестік», - деді Сапарбаев Үкімет отырысында.

Министр кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің бірінші жарнаны төлеуге ықыластары бар екенін жеткізді. 

«Алғашқы жарна көп ақша тұрмайды, шамамен  800 мыңнан 1 млн 200 мыңға дейін. Қалған пайыздық ай сайынғы төлемді сол отбасылар өздері төлейміз деп отыр. Себебі көбісі жалдамалы пәтерде тұрады. «Айына беретін 50-60 мың теңгені бағдарламаларға қатысуға берер едік» дейді. Осы бағдаралма бойынша жылына ең кемінде 6 мың пәтер беруге болады», - деп айтты министр.

Сапарбаев жергілікті жерлерде жер беру мәселесі барын, бірақ үй салуға отбасылардың кейбірінде мүмкіндік жоқ екенін жасырмады.

«Оларға құрылыс материалдарымен, тағы басқа заттармен көмектессек. Кейбірі ескі үйлер, құлайын деп тұрған үйлер бар, соларды жөндеу керек», - деп айтты ведомство басшысы.

Министр Үкімет басшысына тағы бір ұсынысын айтты. Ол – кәсіпкерлікке үйрету. 

«Олар «бізге кішкене ғана көмек болса» деп айтады. Біреуіне тігін машинасын, біреуіне тамақ істейтін алып берсек олар үйінде отырып кәсіптерін ашар еді. Соңғы, осы шараны бүкіл халықтық есебінде жүзеге асыру үшін барлық қазақстандық кәсіпкерлерді, кәсіпорындарды, жалпы ауқатты Қазақстан азаматтарын қосуды қолдасаңыз, министрліктерге, «Атамекенге» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жергілікті әкімшіліктерге тапсырма берсеңіз, келесі айда үлкен республикалық форум өткізсек. Осы іс-шараны жыл соңына дейін жалғастырып, айтылған отбасыларға нақты бүкіл қазақстандықтар көмек жасаса», - деп тілегін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы