«7-20-25» бағдарламасына қосымша 600 млрд теңге керек – министр

«7-20-25» бағдарламасына қосымша 600 млрд теңге керек. Үкімет отырысынан соң Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, биыл «2-10-20» мен «5-10-20»-ға биыл тағы да 70 млрд теңге бөлінген.  Үшінші бағыт – «7-20-25» бағдарламасына 116 мың өтініш түскен, оның 65 мыңы қанағаттандырылған.

Бағдарлама бойынша 870 млрд теңге игерілген. Жалпы, бағдарлама бойынша 1 трлн теңге бөлу қарастырылған, - деді Марат Қарабаев.

Қарабаев халықтың ипотекаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша 600 млрд теңге керек екенін атап өтті.

Бұл қаражат бөлінеді немесе бөлінбейді деп нақты айта алмаймын. Өйткені, бағдарлама жалпы Ұлттық банктің есебінен қарастырылған. Біздің министрлік тарапынан өзіміздің ұстанымымыз – бағдарламаны жалғастыру керек. Өйткені тиімді, халықтың қалауы бар, - деді Индустрия министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы