«7-20-25» бағдарламасы бойынша 26 359 өтінім мақұлданды – Досаев

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «7-20-25» бағдарламасы бойынша (3 желтоқсандағы көрсеткіш) 309,3 млрд теңге көлемінде 26 359 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 245 млрд теңге сомасына 20 975 қарыз берілді, деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жұмыстары жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша осы жылдың 4 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, кәсіпкерлерден 909,0 млрд теңге сомасына 1328 өтінім келіп түсті.  Оның ішінде банктер жалпы сомасы 645 млрд теңгеге 873 өтінімді мақұлдады. Ал 472 млрд теңгеге 737 қарыз берілді, - деді ол.  

Ерболат Досаев кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 470 млрд теңгеге 4736 қарыз берілгенін айтты. Оның ішіндегі 116 млрд теңге сомасындағы 1707 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен жүргізілді.

Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда. «7-20-25» бағдарламасы бойынша (3 желтоқсандағы көрсеткіш) 309,3 млрд теңге көлемінде 26 359 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 245 млрд теңге сомасына 20 975 қарыз берілді. Ал «Баспана хит» нарықтық экономикалық бағдарламасы бойынша 431 млрд теңге сомасына 48 445 өтінім мақұлданды, - деді ол. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы