7-20-25. 26 618 өтінім қабылданды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жыл басынан бері "7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз беруге 26 618 өтінім қабылданғанын мәлімдеді.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 301,6 млрд теңге сомасына 26 618 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 180,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 15 724 өтінім мақұлданды,-делінген хабарламада. 

"7-20-25" - бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ "7-20-25" бағдарламасының операторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы