"7-20-25": 18 769 өтінім мақұлданып, 15 556 азаматқа қарыз берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін өткен Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

Жыл басынан бастап ұзақ мерзімді кредиттердің 1,8%-ға немесе 12 трлн теңгеге дейін 216,5 млрд теңгеге өсуі нәтижесінде экономикаға кредиттер ағымдағы жылғы сәуірдің соңында 14,1 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға (немесе 187,7 млрд теңгеге) ұлғайды. Қысқа мерзімді кредиттер 2 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға (немесе 28,8 млрд теңге) азайды. Заңды тұлғалардың теңгедегі кредиттері бойынша ставка биыл наурыздағы 12,5%-дан сәуірде 12,1%-ға дейін, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 12,0%-ға дейін (12,4%) төмендеді, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев экономиканы қолдау шеңберінде президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасып жатқанын жеткізді. Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша биыл 4 маусымда кәсіпкерлер 494,4 млрд теңге сомасына 2 041 өтінім берді, 197,6 млрд теңгеге 1 467 қарыз берілген.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 305,1 млрд теңгеге 526 өтінім қабылдады, 210,4 млрд теңге сомасына 422 қарыз берді. Ал, үй құрылысы бағдарламаларының ішінде "7-20-25" бағдарламасы бойынша 2020 жылы 4 маусымда 216,5 млрд теңгеге 18 769 өтінім мақұлданды, оның ішінде 183,9 млрд теңге сомасына 15 556 қарыз берілді. "Баспана Хит" нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 4 маусымда 244,4 млрд теңге сомаға 29 324 өтініш мақұлданды, 198,0 млрд теңге көлемінде 24 277 азаматқа қарыз берілді, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі ҚР Үкіметі отырысында 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу жайы қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы