7-10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 7-10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе қар жауады. 

Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон, қалған аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 Наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы болады. Бірақ дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа массалары түседі, олар Қазақстанның қалған аумағында да суықты тез шығарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы