6G жылдамдығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылардың бағалауынша 6G 5G-ға қарағанда мың есе жылдам болады. Алтыншы буын желілеріндегі деректерді беру жылдамдығы секундына бір терабитке жетуі мүмкін, деп хабарлайды PhonAndroid.
6G жылдамдығын Сидней университетінің докторы Махяр Ширванимогдаддам ашты. Маман жаңа байланыс стандарты адамзат үшін жаңа технология түрлерін ашады және технологиялық прогресті жеделдетеді деп болжайды. Ширванимогадамның айтуынша, технология мен адам миының жоғары интеграциясына қол жеткізіледі.
Сарапшылардың пікірінше, алтыншы буын желілеріндегі байланыс секундына бір терабит жылдамдыққа жетеді. Бұл 5G стандарты бойынша деректерді беру жылдамдығынан сегіз мың есе жылдам. Сарапшы мұндай жылдамдықпен бір секундта 142 сағат сапалы бейнені жүктеуге болады деп санайды.
Сарапшының тұжырымында жылдамдыққа жету үшін көптеген кедергілерді жою қажет. Атап айтқанда, инженерлер компьютердің архитектурасын өзгертуге және материалдарды жоғары қыздыру мәселесін шешуге мәжбүр болады, олардың көмегімен 6G инфрақұрылымы салынады.
2020 жылдың басында 5G жаһандық инфрақұрылымды коммерциялық мақсатта пайдалану үшін жеткілікті дамымаған. Қаңтардың аяғында Жапонияның 2030 жылға дейін алтыншы буынды желіні іске қосу жоспарлары туралы белгілі болды. 6G-нің дамуы деректерді жедел беретін жаңа қоғам құруға жол ашады, - деді Махяр Ширванимогдаддам өз баяндамасында.