65 жастан асқандарға да вакцина салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
Өндірушінің ресми ақпараты негізінде, 65 жастан асқан азаматтарға, олардың медициналық қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, вакцина салуға рұқсат етілгенін жеткізгім келеді. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы қабылданды, - деді ол.Ерлан Қиясовтың айтуынша, вакцинациядан қорғаныс әсері, яғни коронавирусқа қарсы антиденелер шығару алғашқы дозаны енгізгеннен кейін 12-14 күннен кейін басталады.
Толық иммунитетті қамтамасыз ету үшін 21 күндік аралықпен екі компоненттен тұратын вакцинацияның толық курсын алу қажет. Вакцина егу басталғаннан кейін бір жарым ай ішінде ағзаның иммундық реакциясын тудырады. Сондықтан екпе алғандарға алдын алу шараларын сақтау қажет, - деп атап өтті бас санитар.
Айта кетейік, ол бұған дейін елімізде дәл қазіргі сәтте «қызыл» аймақта ешбір өңір қалмағанын мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, соңғы екі аптада республикадағы эпидемиологиялық матрицаға сәйкес, Қазақстан «жасыл» аймақта тұр.
Бүгінде «қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ. «Сары» аймақта – БҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Қалған 11 аймақ «жасыл» аймақта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде «қызыл» аймақта қалған өңір жоқ – Қиясов
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы