63 мыңнан астам қазақстандық студентке жатақхана қажет - Асқар Ибраимов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда студенттердің жатақханасына сұраныс жоғары. Себебі студенттер тұру үшін 63 мыңнан астам орын-жай қажет.

Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән қажеттілік. Сонымен қоса жақын болашақта Қазақстанды 2000-шы жылдарда болған baby-boom-ның салдары күтіп тұр. Сондықтан студенттер контингенті де өсетін болады. Әлбетте, бұл жағдай студенттік жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етпей қоймасы анық, - деп атап өтті Асқар Ибраимов. 

Сонымен қатар мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігіне негізделген жоба шеңберінде жатақхана құрылысына инвестор болу мүмкіндігіне тоқталды. 

Іске асырылып жатқан жобалар аясында мемлекеттік тапсырысты орналастырумен қатар сізде қосымша табыс көздері болады. Өйткені студенттердің ай сайынғы тұру ақысы мемлекеттік тапсырыстың құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхана иесі реттейді және нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының жағдайымен анықталады, Сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету үшін асхана, шаштараз, жаттығу залы сынды коммерциялық алаңдар жасай аласыздар. Олардың негізгі тұтынушылары өз тұрғындарыңыз болады, - деді басқарма төрағасы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы