624 қоқыс полигоны. Ақмолалықтар қоқысты бейберекет шашып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласының маңында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша Ақмола облысы бойынша экология департаменті баспасөз турын өткізді.
Іс-шараға департамент басшылары Қ.К. Бейсенбаев, Е. Ахметов, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, Көкшетау қаласы әкімдігінің, Көкшетау қаласының ТКШ және ЖК басқармасының өкілдері, ЛС-Көкшетау компаниясының өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) 130 орны бар (жер актілері бар), оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін рұқсат ету құжаттары бар ҚТҚ 24 полигоны бар.
Бүгінде Ақмола облысында бірде-бір заңдастырылған полигон жоқ 10 аудан орталығы бар (Бурабай ауданы Щучье қ.; Зеренді ауданы Зеренді к.; Бұланды ауданы Макинск қ.; Қорғалжын ауданы Қорғалжын к.; Целиноград ауданы Ақмола к.; Ақкөл ауданы Ақкөл қ.; Аршалы ауданы Аршалы к.; Егіндікөл ауданы Егіндікөл к.; Астрахан ауданы Астрахан к.; Біржан сал ауданы Степняк қ.).
Заңдастырылған ҚТҚ полигонының болмауы рұқсат етілмеген қоқыс орындарының қалыптасуына әкеп соғады.
2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша ғарыштан түсірілген суреттер негізінде Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды (Көкшетау қ. 147, Степногорск қ. 51, Зеренді ауданында 67, Целиноград ауданында 294, Аршалы ауданында 13, Ақкөл ауданында 22, Шортанды ауданында 34, Біржан Сал ауданында 4). Оның ішінде 364 – і жойылды, бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 58 %.
Бұдан бөлек облыста өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылым нашар дамыған. Бұл өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жекелеп жинаумен айналысатын 4 кәсіпорын бар. Ақмола облысы бойынша 2020 жылы ҚТҚ қалыптасу көлемі 243 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың 6 айында 124 тың тоннасы жиналды. Бұл ретте қайта өңдеу үлесі бар болғаны 3% - ды құрайды.
Проблемаларды шешу жолдары:
Бүгінгі күні өзекті болып отырған экологиялық проблемаларды шешу үшін қала әкімдігіне мынадай шаралар қабылдау қажет:
Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) заңда белгіленген тәртіппен ҚТҚ барлық полигондарын ресімдеу жөніндегі жұмысты жандандыруы, сондай-ақ ҚТҚ полигондарын тиісінше жайластыру жөніндегі қажетті жұмысты жүргізуі (оның ішінде қатты жабыны бар кірме жолдар, торлы қоршау, көгалдандыру, қоймалау технологиясын сақтау, түтін мен жануға жол бермеу, ҚТҚ қалдықтарын қайта өңдеу үлесін ұлғайту) қажет.
Ауылдық округтер мен аудандардың елді мекендерінде қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарын ұйымдастыру қажет.
Халықты жоғарыда көрсетілген қалдықтардың фракциялары бойынша сұрыптауға ынталандыру үшін осы алаңдарда қайталама шикізатты сатып алу пункттері белгіленсін. Бұл іс-шаралар үлкен қаржыландыруды қажет етпейді, мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салуға арналған қажетті құралдармен салыстыру. Қаржыландыруды жергілікті бюджеттен қоршаған ортаға эмиссиялар үшін түскен салық төлемдерінен жүргізуге болады.
Жергілікті атқарушы органдар табиғат қорғау іс-шараларына қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджетке салық төлемдері түсімдерінен қаражат бөлуді ұлғайту туралы мәселені қарау қажет.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу үшін ЖПҚ-мен бірлесіп жұмыс жүргізу (абаттандыру ережелерін бұзуға жол бермеу бойынша ЖПҚ қызметкерлерімен (учаскелік) профилактикалық іс-шаралар.
Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін жағымсыз факторлар рұқсатсыз қоқыс орындарының қалыптасуы болып табылады. Санитарлық абаттандыру бойынша облыс көлеміндегі жыл сайын жүргізілетін айлыққа қарамастан саны жоқ рұқсатсыз орналастырылған қоқыс орындары үнемі және ардайым елді мекен аумақтарында қайта қалыптасуда, ол жергілікті атқарушы органдар жағынан бақылаудың болмауы және полигондарда коммуналдық қалдықтарды жинау, орналастыру және тасымалдау бойынша инфрақұрылымның болмауы орын алып отыр.
Бүгінгі күні облыс бойынша стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуы жағымсыз факт болып отыр. Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін ай сайынғы санитарлық абаттандыру шараларына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың әлсіздігі мен полигондарда коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау және жою үшін қажетті инфрақұрылымның болмауына байланысты есепке алынбаған стихиялық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері елді мекендер маңында үнемі пайда бола береді.