618 мың теңге: Астана шенеуніктерінің жалақысы халық табысынан 3 есе асып түсті
Мемлекеттік қызметшілер ең көп табыс табатын өңірлер белгілі болды
Қазақстанда мемлекеттік басқару саласындағы ең жоғары жалақы Астана қаласында тіркелді. Елордалық шенеуніктер айына орта есеппен 618 мың теңге алады. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 66%-ға жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Салыстырмалы түрде алсақ, қазақстандықтардың модальді жалақысы (яғни ең көп таралған табыс деңгейі) шамамен 223 мың теңге. Демек, Астана шенеуніктерінің орташа табысы елдегі жұмыс істейтін тұрғындардың көпшілігінің жалақысынан үш есеге жуық артық болып шықты.
Астананың көш бастауына негізгі себеп - республикалық мемлекеттік органдардың осында шоғырлануы. Орталық ведомство қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлердегі, әсіресе ауылдық әкімдіктердегі мамандардың табысынан айтарлықтай жоғары.
Ең жоғары және төмен жалақы көрсеткіштері
Екінші орында Алматы - айына шамамен 418 мың теңге.
Одан кейінгі ррындарда Қызылорда, Алматы және Ақмола облыстары.
Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысы - шамамен 302 мың теңге. Сондай-ақ Шымкент қаласында, Павлодар және Абай облыстарында төмен көрсеткіштер байқалды.
Шенеуніктер жалақысының қағаз жүзінде өсуі әрдайым өмір сапасының жақсарғанын білдірмейді. Номиналды табыс өскенімен, инфляция бұл үстемені «жеп қойды». Өткен жылы мемлекеттік сектор қызметкерлерінің нақты жалақысы тіпті төмендеген, - деп атап өтті сарапшылар.
Табыс көлеміне өңірден бөлек, лауазым да қатты әсер етеді. Мысалы, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласының қызметкерлері айына орта есеппен 1 млн теңгеден астам алған.
Ең жоғары жалақы алатын мамандар
-
Судьялар;
-
Мемлекеттік орган басшылары;
-
Департамент бастықтары мен тексеру комиссияларының төрағалары.
Тізімнің соңындағылар
Тізімнің төменгі жағында қатардағы қызметкерлер: жүргізушілер, хатшылар, компьютер операторлары, аула сыпырушылар және техникалық қолдау мамандары орналасқан.