600 млн-нан астам сомаға жалған шот-фактуралар жасағандар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте қылмыстық топ сыйақы алу мақсатында 600 млн-нан астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу үстінде ұсталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қала аумағында бір топ азаматтың алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей6 шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, алдын ала сөз байласқан 4 азамат 615  млн теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 216-бабының 3-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы