600 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабы таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған "Жүрек жылуы" қайырымдылық керуені елордада жалғасын тапты. Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 600 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабы таратылды.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап ҚМДБ "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясын қолға алды. Мұндағы мақсатымыз – төтенше жағдай кезінде қиындық көрген мұқтаж жандарға азық-түлік, қаржылай, басқа да қолдау көрсету. Осы мақсатта ҚМДБ жанындағы "Зекет" қайырымдылық қоры арнайы акция ұйымдастырып, карантинге жабылған Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұрғындарына жәрдем көрсетті. Алматыда – 1000-нан астам, Нұр-Сұлтанда 1500 отбасыға азық-түлік көмегін жеткізді. Бүгін осы сауапты шара жалғасын тауып, елордадағы 600-ге жуық отбасыға "Зекет" қоры дайындаған "Жүрек жылуы" жеткізіледі, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.Бас мүфти сондай-ақ мұндай қолдаулардың карантин талаптарына сай, еріктілердің жәрдемі арқылы жүзеге асып жатқанына тоқтала келе, көмекке қол ұшын берген ел азаматтары мен еріктілер тобына алғыс айтты.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның "Зекет" қоры елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қайырымдылық шараларын арттырып, мұқтаж отбасыларға жәрдемдесіп келеді. Ауылы су астындағы қалған Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдіктері қаржылай, азық-түлік, басқа да қажетті көмек жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы жаңа инфекциялық орталық заманауи талаптарға сай
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы