600-ге жуық азаматқа ерекше талаптар қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 600-ге жуық азаматқа алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға ерекше талаптар қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстың учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Мәселен, 26 қарашада Көктөбе ауылының 33 жастағы тұрғыны қоғамдық орында ұйпа-тұйпа мас күйінде жүрген. Ер адам Май ауданының полиция бөліміне жеткізілді, онда оған қатысты учаскелік инспектор ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік іс қозғады. Биыл аталған ауыл тұрғынының осындай құқық бұзушылық үшін полицияға жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және оның заңнама талаптарын қайта бұзғандығы анықталды. Жиналған материалдар сотта қаралды. Май аудандық сотының қаулысымен ауыл тұрғынына 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды, сондай – ақ 6 айға ерекше талаптар қойылды, оған сәйкес ер адам апта сайын полицияға тіркеуге келіп, алкогольдік ішімдіктерді ішпеуге міндетті, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин.
Биыл өңір полицейлері соттарға жолдаған материалдар бойынша сот қаулысымен 576 құқық бұзушыға қатысты ерекше талаптар қойылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ СІМК-не қатысты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы