60-ты алқымдаған ер адам отбасылық жанжалдан кейін суицид жасаған
Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 қыркүйек күні сағат 07:00 шамасында 102 арнасына 49 жастағы қала тұрғыны отбасындағы жанжал бойынша хабарлама берген.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйінің ауласын тексеру барысында сарай ішінде жіпке асылып, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген 57 жастағы тұрғынды дереу құтқарып, алғашқы көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары Бақытбек Рүстембекұлы мен Қазбек Дамир оқиға болған тұста азаматтық танытты. Қазіргі таңда тұрғын ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
100-ден астам арнайы техника Астананы судан тазартып жатыр
Өзгелердің жаңалығы