Қарағанды облысының тұрғындары интернет сапасына шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Қарағанды облысы Баймырза ауылының тұрғындары маған байланыс сапасына шағымданды. Бүгін интернетті тексеру үшін таңертең және кешке осы ауылға екі рет соқтым. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Кешкі тексеріс байланыс сапасының төмендігін көрсетті. Теле2 мобильді интернетінің орташа жылдамдығы секундына 0,34 мегабит екен. Beeline-ға тіпті қосыла алмадық, ал Kcell-ге әрең қосылдық. 60 рет жасалған талпыныстың 24-і ғана ақталды, - деді ол.

Мусиннің сөзінше, Теле2-нің ауылда орналасқан базалық стансасында трансмиссия ретінде радиорелелік қосылыс қолданылады, ал екі адым жерде Қазақтелекомның оптикасы жатыр. Жылдамдықты өлшеу нәтижелері негізінде әкімшілік хаттамалар жасалды, соған сәйкес олқылықтарды үш ай ішінде жоюлары тиіс.

Екінші мәселе, мектепте интернет бар ма деп сұрағанымда, ауыл әкімі «мобильді интернет қолданады» деді. Оның сапасы жайлы жаңа айтқан болатынмын. Осы жерде тағы қайталаймын, ауылға оптика тартылған! Сұрастыра келе, Білім басқармасы мектепке интернет қосуға өтінім бермегені белгілі болды. Десек те, кешке қарай сапардан қайтар жолда естідік. Олар шұғыл түрде өтінім жолданғандықтан, Қазақтелеком жергілікті мектепке 20 мегабит/сек жылдамдықты интернет қосып үлгеріпті, - деді министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы