6 жылдан кейінгі алғашқы құттықтау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін Жаңа жыл мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Кремль сайтында хабарланды.
Президенттер Жаңа жылға байланысты бір-бірін құттықтады. 2020 жылы Ресей мен Украина қарым-қатынасын дамытуды қолдайтындарын айтты, - деп жазылған Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ресей тарабы телефон әңгімесі Украина жағының бастамасымен өткенін хабарлады.
Кремль сайтының хабарлауынша, Путин мұның алдында Украина басшылығын соңғы рет 2013 жылы, Виктор Янукович президент болып тұрған кезде Жаңа жылмен құттықтаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы