6 Қыркүйек 2026, 03:20 Фото: pixabay

6 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райы байланысты ескерту жасалды

Барлық аймақта жоғары өрт қаупі сақталады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 қыркүйекте елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың солүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенші өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі. Өскемен қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.