30 Сәуір 2023 2023, 07:41 Фото: turkystan.kz

6 облыста үсік жүреді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 сәуір, жексенбіде респубика аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 сәуір, жексенбіде респубика аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Ал Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік антициклон кіруімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде – тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, - деп жазды синоптиктер.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде 1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облыстарында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі.