6 облыс пен Шымкентте дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн күркіреп, шаңды дауыл соғады, жел болады. Синоптиктер 27 сәуірде Қазақстандағы ауа райы туралы айтты. Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, 27 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Петропавлда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Сонымен бірге Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан соғатын және шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шаңды дауыл болады.

Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Сонымен қатар Шымкентте 27 сәуірде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз батыста және облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді. Атырауда 27 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні 15-18 м/с., – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар 27 сәуірде Батыс Қазақстан облысында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы