6 маусым күнгі ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 6 маусым күні еліміздің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр, жекелеген аумақтарда дауыл, бұршақ жауады деп болжануда.

Қазақстанның қалған аумағы әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылмен сақталады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде – тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы