6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды - Годунова
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова бюджетті тиімсіз пайдаланғандарға қатысты қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Марат Бәшімов бюджетті игеру жоспарлау кезінде жүзеге асырылатынын айтты. Осыған орай ол Жоғары аудиторлық палатаның төрағасына сұрақ қойды.
Бұл - ең маңызды сұрақтардың бірі. Шынында да, жоспарлау кезінде тиімсіз пайдаланудың негізі қалыптасады деп санаймыз. Ол үшін ұсыныстарды орындау бойынша шаралар қабылдаймыз. Егер олар орындалмаса, онда біз қаржылық немесе процедуралық бұзушылықтарды тіркейміз. Жалпы 2022 жылы біз 20 аудиторлық іс-шара өткіздік. 20 аудиторлық іс-шараның тек 4-уі ғана құқық қорғау органдарына берілмеді. Қалғандарының барлығы құқық қорғау органдарына берілді. Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін барлығы 15 материал берілді, 6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындылары аяқталғаннан кейін белгілі болады, - деді ол.
Наталья Годунова биыл 9 аудиторлық іс-шара жүргізілгенін айтты.
Сот шешімі шыққанға дейін біз нәтижелерді айта алмайтынымызды білесіз. Екі материал уәкілетті органдарға қосымша тексеруге жіберілді, 7 өндірістен кейін тоқтатылды. Биыл біз 9 аудитті аяқтадық. 9-дан тек 3 материал құқық қорғау органдарына берілмеді, - деді Годунова.