6 айда мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркелген
Осы жылдың 6 айында мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркеліп, 27 адам қаза тауып, 577 адам жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
Биыл мопед жүргізушілерінің қатысуымен 31 мыңнан астам жуық құқық бұзушылық анықталды. Оларды міндетті мемлекеттік тіркеуге алуды және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін беруді енгізу ұсынылды. Мопедтер мен скутерлер жүрісін заңнамалық реттеу және оларды тіркеу жөніндегі ұсыныстар Парламент Сенатында қаралуда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Париж-2024: Үлкен теннистен жеребе тартылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы