6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, елдің кей бөлігінде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді. Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2020 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы