5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары белгілі болды
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Енді 5G желісінің негізгі қолданушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталады. Бұл - жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері. Бұл – өте көп видео қарайтын, жақсы, сапалы байланысты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Халықаралық зерттеу мобильді технологияларды енгізу қарқыны мен халық пен бизнестің экономикалық белсенділігінің тікелей байланысы бар екендігін көрсетіп отыр, - деді вице-министр.
Оразбектің айтуынша, аукциондағы сауда-саттық қорытындысында 62,6 млрд теңге болатын №1 лотты, 93,4 млрд теңге болатын №2 «Мобайл телекомсервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ консорциумы жеңіпаз атанған. Жеңімпаздар төлем жасағаннан кейін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беріледі.
2022 жылдың соңында республикалық маңызы бар үш қалада – Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған. 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығына желі таратылатын болады, - деді Асхат Оразбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.