22 Желтоқсан 2022, 15:17
5G. Қазақстанда аукцион өтті
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Қазақстанның телекоммуникация саласы үшін тарихи күн. Біз алғаш рет – мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз! Айқын және ашық түрде өтіп жатқан бәсекеде №1 лот бойынша (3600-3700 МГЦ жиілік) сауда-саттық аяқталды. Жеңімпаз - 62,669 млрд теңге қаржыға өтінім білдірді. Ал, екінші лот бойынша бәсеке ертең жалғасады, - деп жазды министр.
Бұл аукцион - ұлттық ресурстарға ашық қолжетімділікті және бәсекелік орта қалыптастырудың айқын мысалы. Бұдан бөлек, сауда-саттық бюджетті толықтыруға ықпал етеді.
- Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті 19:32
- Мұнай бағасы жылдық өсімін 50%-дан асырды 19:06
- Talan Towers-тен құлаған материал екі көлікті зақымдады: Шығынды кім өтейді? 18:48
- Оман Сұлтанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды 18:46
- Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды 18:31
- Қазақстан мен Оман энергетика, логистика және ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты күшейтеді 18:18
- Мемлекет басшысы қазақ-оман бизнес форумында бірлескен инвестицияның маңызын атап өтті 18:17