589 полиция қызметкері коронавирус індетін жұқтырды – Тұрғымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 589 полиция қызметкері коронавирус індетіне шалдықты. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.

Пандемия кезінде қауіпті аймақтарда денсаулық сақтау қызметкерлерінен бөлек, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері де болды. Блок-бекеттерде тәулік бойы 7 мың полиция қызметкері жұмыс істеді. Адам көп жиналған жерлерде адамдармен тікелей қарым-қатынас орнатылды. Сондықтан да полиция қызметкерлері арасында 589 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 419 адам емделіп шығып, 170 әлі де карантин режимінде емделіп жатыр, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр қызметкерлер арасында көз жұмғандар жоқ екенін айтты. 

Оған қоса министр бейнебақылау жұмыстарына тоқталды. 

Бізде "сергектен" басқа да бейнебақылау жүйесі көп. Олар жекешелік және әріптестік келісім негізінде жұмыс істейді. Бейнебақылаудың қызметіне қатысты барлық мәселемен жергілікті атқарушы органдар айналысады. ІІМ "сергекпен" ешқандай келісімшарт орнатпаған. Бізде 7-8 бейнебақылау жүйесінің түрі әртүрлі өңірде жұмыс істейді. Олардың барлығы жол қозғалысы мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, - деді ол.
Бұған дейін министр төтенше жағдай кезінде ІІМ-де қандай проблемалар болғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы