Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 550 мыңнан астам флаер таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет Алматының барлық тұрғындарын қамту мақсатында «Есіктен есікке» акциясы өткізілді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты саясаттың маңызды элементі кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы болып табылады.

 «Алматы - адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және адалдық пен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық стендтер орналастырылған, радиода және теледидарда ақпарат көрсетіледі, Алматы қаласының қоғамдық көлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ақпарат айтылады, ақпараттық буклеттер, жадынамалар мен парақшалар белсенді таратылады.


Жоба аясында алғаш рет Алматы қаласының барлық тұрғындарын қамту мақсатында «Есіктен есікке» акциясы өткізілді, оның барысында коммуналдық қызметтер үшін 550 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаер таратылды. Осыған байланысты «Алматы-адалдық алаңы» әрбір тұрғынға жете алуды көздейді.


Бұл жұмыстың басты нәтижесі – сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік. Бұл әрбір адамның азаматтық ұстанымы, ал адалдық, парасаттылық мінез-құлық нормасы болуы тиіс.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық әдісі әрбір азамат өзінде адалдық, патриотизм, парасаттылық сияқты қасиеттерді тәрбиелемейінше көмектеспейді», - деп атап өтті «Алматы - адалдық алаңы» өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы