550 млн теңге. Салық төлемегендер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда мемлекетке 550 млн теңгеден астам сомаға залал келтіру фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлеңкелі экономиканы төмендету туралы тапсырмасы шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "ЅТОР-ОБНАЛ" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактурада заңсыз жазу фактілері анықталды, - деп хабарлады комитет.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз іс-әрекеттің жалпы айналымы 2 миллиард теңгеден астам соманы құрады. Салдарынан мемлекетке 550 млн теңгеден астам сомаға салық төлемеу түрінде залал келтірілді.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды орындау шеңберінде бюджет қаражатын ұрлауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді (мүлікті) заңдастыруға, сондай-ақ капиталды шетелге шығаруға қатыстылығы тексерілуде, - деп жазды ведомство.
Павлодар облысы бойынша ЭТД ақшалай сыйақы немесе бір реттік пайда алу мақсатында заңды тұлғаны (АҚ, ЖШС, ЖК нысанында) өз атына тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынудан азаматтарды сақтандырады. Сондай-ақ адал кәсіпкерлерді жалған шот-фактураларды жазу іс-әрекеттерінен қорғаған жөн. Мұндай әрекеттер ҚР ҚК 216-бабы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Праймериз партияның заманға сай әрекет етіп жатқанын көрсететін тетік – Елнұр Бейсенбаев
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы