55 мың қазақстандық бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі білім жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы айдан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы 30 пайызға, колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өседі.

Сондай-ақ, 1,4 миллионнан астам 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады.

55 мың қазақстандық бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Еліміздің мектептерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылады. Бұл шаралар отандық білім сапасын арттыруға, балаларымыз үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы