"55 млн теңге". Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде ұзақ жылдар бойы игерілмеген 55 млн теңгені құрайтын 851 гектар жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік - 50 млн теңгеге 9 гектар, жайылымдық - 5 млн теңгеге 842 гектар) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.
Бұдан бөлек ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған кадастрлық құны 163,4 млн теңгенің 7069 гектарды құрайтын 158 жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік – 13,4 млн теңгеге 6712 гектар, жайылымдық - 150 млн теңгеге 357 гектар) анықталды.
Бүгінгі күні аталған жер учаскелеріне қатысты уәкілетті органмен нұсқамалар беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін тиісті шаралар қабылдануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауып жатыр
Өзгелердің жаңалығы