535 мың қорап темекіні заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

5 ақпанда Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.

Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы