533 млн Facebook қолданушысының жеке деректері көпшілікке мәлім болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісінің 533 миллионнан астам пайдаланушысының жеке деректері хакерлер форумында жарияланды. 

Бұл туралы ТАСС Business Insider порталына сілтеме жасап хабарлады. 

106 елдің пайдаланушыларының ақпараты жалпыға қолжетімді болды, оның ішінде 32 млн АҚШ тұрғыны, Ұлыбританияда 11 млн пайдаланушының және Үндістанның 6 млн тұрғынының аккаунттары бар. Форумға пайдаланушының толық аты-жөні, олардың орналасқан жері, туған күні, өмірбаяны, ұялы нөмірлері және кейбірінің электрондық пошталары жарияланды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай мәліметтер жиынтығы алаяқтық схемалар үшін, сондай-ақ киберқылмыскерлер үшін құнды ақпарат болып есептеді.

Facebook-тің көптеген қолданушысының телефон нөмірлері тәрізді жеке ақпаратты қамтитын осындай көлемдегі мәліметтер базасының көпке жария болуы шабуылдаушылардың оны арам пиғылда қолдануына әкеп соғады. Бұдан бөлек осы деректер арқылы хакерлік шабуылдар жасалуы мүмкін, - деді Hudson Rock киберқылмыскерлерді анықтаумен айналысатын басылымның негізін қалаушылардың бірі Алон Гал. 

Facebook деректердің тарап кетуін екі жыл бұрын түзетілген уақытша қателікпен байланыстырды. 
 

Бұл 2019 жылы хабарланған ескі деректер. Біз бұл мәселені 2019 жылы анықтап, жөндедік, - деді Facebook өкілі ТАСС сауалына берген жауабында. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы