Жамбыл облысында бес күнде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8-12 шілде аралығында Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.


Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде төртеуі Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау), біреуі ҚР ҚК 300-бабымен (құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру) және ҚР ҚК 296-бабы 1,2,3-бөліктері бойынша алты қылмыстық теріс қылық деректері.


Заңсыз айналымнан 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді.

«2019 жылдың 12 шілдесі күні Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жуалы ауданының «Бәйтерек» және «Қызыларық» ауылдары арасындағы тас жолында Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тұратын, бұрын сотталмаған және уақытша жұмыссыз Өзбекстан Республикасының 36 жастағы азаматын ұстады. Одан салмағы 3 келі 786 грамм болатын «үнді марихуанасы» тәркіленді», - делінген хабарламада.


Күдікті кінәсін мойындады және Жуалы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, дәл осы күні Шу ауданының «Аспара-Тасөткел» құмды аймағында салмағы 5 келі 400 грамм «марихуана» есірткі затымен 34 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды.


Күдікті кінәсін мойындады және Шу АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы