+52°С аптап ыстық пен жауынсыз күндер: Қазақстан Қырғызстанмен неге кеш келіссөз жүргізді

Үкіметте өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстан Үкіметі Қырғызстанмен су алу бойынша келісімді неге кеш жүргізгенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қырғызстаннан су алу жөніндегі келіссөздер неге тек шілде айының соңында басталды? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Вице-премьер Канат Бозымбаевтың айтуынша, Орталық Азия үшін биыл су аз жыл.

Биыл Орталық Азияда аптап ыстық болып, жауын-шашын болған жоқ. Бұл Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанға да қатысты. Мысалы, еліміздің оңтүстік өңірлері бойынша тек Қызылорда облысында ғана 5 күн бұрын алғаш рет жаңбыр жауды. Еліміздің кей оңтүстік өңірлерде ауа көрсеткіші +52°C-қа дейін жеткен кездер болды. Әрине, судың қажеттілік байқалды, - деп айтты ол.

Үкімет мүшесінің мәлімдеуінше, Қырғызстан бастапқыда су жеткізу кестесінен 1 миллиард текше метрден астам қалып қойған. Енді жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде алдағы апталар ішінде қосымша 600 миллион текше метр су жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Белгілі болғандай, су үнемдеген шаруаларды Үкімет қолдайтын болды. Қазақстанда алдағы уақытта 42 су қоймасы салынуы мүмкін екені жайлы да хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы