52 жылдан кейінгі кездескен достар
«Қазақ радиолары» серіктестігінің дәстүрлі «Мың алғыс» іс-шарасында екі дос 52 жылдан кейін кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек ардагері, түрік Яша Кошалиоғлы «Abai TV» арнасының «Шаңырақ» бағдарламасына берген сұқбаты арқылы көпшілікке танылған еді. Қария немерелерімен бірге Түркістаннан арнайы келді.
Қайырымдылық іс-шарасында Яша Кошалиоғлының әскер кезіндегі досы Сұлтан Ахмадов Ресейдің Грозный қаласынан тосынсый жасап келді. Бурятияда әскери борышын өтеген екі дос 52 жылдан кейін Қазақстанда табысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы