515 мыңнан астам елордалықтың коронавирусқа қарсы толық иммунитеті бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.  

Толық ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерін ескере отырып, 600 мыңнан астам адамды, яғни қала тұрғындарының кемінде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 533 мыңнан астам адам вакцинаның 1-компонентімен егілді. 515 мыңға жуық қала тұрғыны толық иммундаудан өтті. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Қала бойынша емханаларда 34 егу кабинеті жұмыс істейді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол мегаполисте ревакцинацияның қалай өтіп жатқанына тоқталды.

20 шілде бойынша 151 мыңға жуық адам бастапқы компонентті алды. 6 мыңнан астам адам толық ревакцинациядан өтті. Ревакцинациядан қайта өту курсын 61 мыңнан астам адам алды. Айта кетерлігі, бала емізетін және жүкті әйел адамдар мен жасөспірімдер арасында вакцинациялау айтарлықтай жақсарған. Аталмыш санаттағы 40 мыңнан астам адам вакцина алды. Барлығы 2 мыңнан астам жүкті әйел, 31 мыңдай жасөспірім және 7 мыңнан астам бала емізетін әйел толық иммундаудан өтті. Енді шамамен 800 адам 2 компонентпен қамтылмақ. Осы бағытта емханалардың жұмысы одан әрі жалғасуда, - деді Тимур Мұратов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы