4 Қыркүйек 2026, 17:12 Фото: видеодан алынған кадр

51 жастағы садақшы Көшпенділер ойындарында алтын алып, көз жасына ерік берді

51 жастағы шығысқазақстандық садақшы Қабдоллаева Аяш Советбекқызы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғап, чемпион атанды.

Жеңіс тұғырынан алтын медаль алған сәтте спортшы көз жасына ерік берді. Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, қолданушылар чемпионды жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Желі қолданушылары Аяш Қабдоллаеваның жігері мен спорттағы жетістігіне сүйсініп, оған алдағы жарыстарда да толағай табыс тіледі.

"Қазақ ұлтының әлемдегі жауынгер халық екенін дәлелдеген ойын болды..."

"Керемет, куанып отырмыз ел болып"

"Аяш апай жарады! Мектепте бірге жұмыс істеп едік. Құтты болсын!"

"Құтты болсын. Қосылып жылап алдым. Қуаныштымын"

"Қазақстан алға! Жарайсыңдар, қазақтың қайсар қыздары"