500 мыңға жуық елорда тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, індетке қарсы вакцина салдыру маңызды.

Баспасөз мәслихатын пайдалана отырып, азаматтарға вакцинация және ревакцинация бүгінгі таңда COVID-19-дан қорғанудың тиімді әдістерінің бірі екенін атап өткім келеді. Вирус мутацияға ұшырайды және адамдарда сырқаттанушылық қаншалықты ауыр түрде болуы мүмкіндігін білмейміз, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар елордалықтардың вакцина салдырудағы қарқынына тоқталды.

Жалпы қала бойынша бірінші компонентпен 471 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Статистика көрсетіп отырғандай, елорда тұрғындары арасында сырқаттанудың азайғаны бақыланып отыр. Себебі азаматтардың басым бөлігі иммундау курсынан өтті. Нұр-Сұлтан бойынша бұл 432 мыңнан астам қала тұрғынын құрайды, - деді Тимур Мұратов.

Еске сала кетейік, бұған дейін ревакцинацияға келген елордалықтар қай вакцинаны көп таңдайтыны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы