30 Тамыз 2026, 08:26
Фото: Алматы қаласы ПД
500 мың теңгелік қуыршақ: Алматы полициясы күмәнді хабарландыруды тексерді
Кейбір желі қолданушылары оның астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Әлеуметтік желілерде 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы хабарландыру таралып, қолданушылар арасында күмән туғызды. Кейбір желі қолданушылары оның астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.
Полиция мәліметінше, хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған. Тексеру барысында оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы барын растайтын деректер анықталған жоқ.
Осылайша, әлеуметтік желіде тараған баланы сату туралы болжам расталмады. Хабарландыруда шын мәнінде қуыршақ сатуға ұсынылған.