500 мың шабақ өзенге жіберілді

Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығының инспекторлары дәстүрлі балық қорғау жұмысына кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Биыл Жайық өзенінде судың молдығынан Индер ауданында 20-дан астам көлшік пайда болған. Енді күн ысып, су тартылғалы ондағы шабақтарға қауіп төнген. Осыған орай инспекторлар құрғай бастаған көлшіктердегі шабақтарды сүзіп алып, өзенге жіберіп жатыр. 

Биыл судың молдығымен қоса, табиғи ортаның қолайлы болуы су маржандарының еркін уылдырық шашуына ықпал етті дейді мамандар. 

Сазан балығының шабақтары бар, табан, қаракөз көп. Мөңке балығының шабақтары мол және биыл дөңмаңдай балығының шабақтары да көріне бастады. Дөңмаңдай уылдырық шашуға ауданымызға көп келмейтін еді. Ол шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жайық өзеніне жіберіледі. Онан басқа да судың температурасын, оттегін - бәрін күнделікті қадағалауда ұстап отырамыз, - деді Индер балық инспекциясының бас маманы Серікқали Дәуленов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы