500 млрд теңгеге 58 мың отбасы үймен қамтылады – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл бағытта жергілікті басқару органдары жақсы қолдау көрсетіп жатыр.
«Біз 1 маусымнан бастап жалақы орташа 15-30% жоғарылайтынын бірнеше рет айттық. Қазір Үкімет қажетті нормативтік актілерді әзірлеп жатыр. Ай соңына дейін осы нормативтік актілер жіберіледі. 100% қаржыландыру қамтамасыз етілді. Біздің болжамымызға қарағанда, шамамен 1,1 млн қазақстандықты қамтып отыр», - деді Сапарбаев Үкімет үйіндегі еліміздегі жаңа әлеуметтік саясатқа байланысты аймақтарға жасалған сапар қорытындысы бойынша брифинг барысында.
«500 млрд теңгеге 58 мың отбасы жалдамалы және Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы үймен қамтылады. Сонымен қатар, біз кәсіпорындар, компаниялар және бизнес құрылым басшыларымен жұмыс істейміз. 287 пәтер бөлінді. Біз соңына дейін 1530-ға жуық пәтер беруіміз керек. Бұл жұмыс жалғаса береді. Қазір осындай басшылармен келіссөз жүргізудеміз. Әсіресе, алғашқы жарнаны төлеуге байланысты. Яғни, 10 % өтеу, шамамен 800 мың теңгеден 1 млн 200 мың теңгеге дейін. Жергілікті басқару органдары жақсы қолдау көрсетіп жатыр. Жыл соңына дейін 83 млрд теңге көлемінде кем дегенде 821 мың қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін Бердібек Сапарбаев қазір 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде балалар арасында аллергия өршіп тұр
Өзгелердің жаңалығы